Дәрі іше білемізбе?

Дәрі іше білеміз бе?
Тетрациклин тобындағы дәрілерді, линкомицинді, кофейні бар препараттарды (аскофен, цитромон, каффетин) сүтпен, айранмен, сүзбемен қосып ішуге болмайды. Бұдан дәрінің әсері жойылады.
х х х
Темір препараттарын шаймен, кофемен, сүтпен, жаңғақтармен, дәнді өнімдермен араластыруға болмайды.
х х х
Кальций препараттарын сусындармен және лимон қышқылы қосылған шырындармен араластырмаңыз, кальций сіңбей қалады.
х х х
Эритромицин, ампицилинді жеміс және көкөніс шырындарымен қосып ішуге болмайды.
х х х
Сульфадиметоксин, сульгин, бисептол, циметидин, теофиллинді етпен, балықпен, ірімшікпен, бұршақ тектес өсімдіктермен араластырмайды. Дәрінің емдік әсері төмендейді.
х х х
Аспирин, ацетилсалицилл қышқылы бар дәрілер, фурагин, 5-НОК-ты маймен, қаймақпен, майлы өнімдермен араластырып ішуге болмайды.
х х х
Парацетомол, сульфадиметоксин, бисептол, фуросемид, циметидинді қара өрікпен, қызылшамен, тәттілермен, ұннан даярланған өнімдермен, іш жүргізетін дәрілермен араластырмайды.
х х х
Сульфаниламидтер: бисептол, этазол, сульфаленді көк-сөкпен, шпинатпен, сүтпен, бауырмен, дәнді өнімдермен араластыруға болмайды. Аталған дәрілерді ішкенде күніне 2-3 литр сұйықтық тұтыну қажет.
х х х
Баралгин, анальгин, панадол, спазган, парацетомол, максиганды қақталған шұжықтармен араластырмайды.
х х х
Ең дұрысы-әр таблетканы бөлме температурасында-ғы ½ стакан сумен ішу.