Аль..

Әль-Хиджама — қан алғызу

Автор: Berik| 3 June 2010 Пікір жоқ

«Хиджама» – әль-хаджим сөзінің түбірінен туындайды, «сорылу» мағынасын береді.

Әль-Хиджама-Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) маңызды сүннеттерінің бірі болып саналатын, қан алғызуды білдіретін термин.

Анас Ибн Малік (р.а.) жеткізген хадиске сәйкес Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Көкке (Исраға) көтерілгенімде, барлық деңгейінде маған: «Мұхаммед, өз үмбетіңе қан алғызуды бұйыр»-деп айтылды» (Ибн-Маджа).

Соған байланысты Ибн Аббас (р.а) емделгенін және маманға ақысын төлегенін айтқан (Әль Бухари, Муслим).

Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Тайибада қан алғызу арқылы ем қабылдағаны белгілі. Одан кейін оған 2 өлшем ас беруді бұйырды және салық жинаушыға дәрігердің салығын азайтуын сұрады.

Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтуы бойынша «Сендер пайдалана алатын емнің ең жақсысы-ол қан алғызу» (әль-Бухари, Муслим)

Қан алғызуды қашан жасаған жөн:

Ибнь Аббас (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «қан алғызумен емделуге ең жақсы уақыт – ол айдың 17, 19, 21-ші күндері»-деп айтқан. (ат-Тирмизи). (Бірнеше нұсқауларымен). Аздаған ерекшеліктері (өзгерістері) бар ұқсас хадистер Ибнь-Маджда, Әбу Дәуітте және Байхакта келтірілген.

Бұл хадистер бірнеше нұсқауда және кейде дайф болғанымен, олар бір-бірін толықтырып нығайтады.

Имам Ибнь әль-Қайм (р.а.) айтады: «Бұл хадистер дәрігерлердің айтуымен сәйкес келеді: қан алғызуды айдың 2-ші жартысында жасаған жөн және айдың 3-ші аптасы айдың басы немесе соңынан жақсырақ». Бірақ қан алғызу қажеттіліктен (мұқтаждықтан жасалған болса, ол сонда да ағзада жақсы әсер етеді, айдың басы және соңы болса да). Ахмед Ибн Ханбали ай уақытына қарамай қан қысымы жоғарылаған сайын қан алғызумен емделген. Ғұламалар қан алғызуды тоқ қарынға жасағанда мақұлдамаған, өйткені ол ішек өткізбеушілікке және шыдатпайтын ауырсынуға алып келуі мүмкін, әсіресе тамақ ауыр және нашар болса… Жоғарыда айтылған уақыт таңдау қателеспеу үшін және денсаулықты сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шарасы болып табылады, бірақ ауруды емдеу қажеттілігі болса қан алғызуды жасау керек»

Аль-Хафиз ибн Хаджар (р.а.) айтқан: «Дәрігерлердің айтуы бойынша, қан алғызудың ең әсерлісі – оның аш қарынға емес, тоқ қарынға емес, ванна қабылдаудан 2-3 сағаттан кейін жасалғаны. Қан ағызу үшін арнайы күндер жөнінде Ибн Омар, ибн Маджа жеткізген хадисінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Қан алғызуды бейсенбі, дүйсенбі және сейсенбіде тағайындаңдар, Аллаһ сендерге разы болсын, бірақ қан алғызуды сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері тағайындаудан бас тартыңдар». Соған байланысты әль-Халал Имам Ахмадтың сол күндері қан ағызуды жақтырмағанын жеткізген, бірақ ол хадис дәлелденбеген. Әбу Дәуіт жеткізгендей Абу Бакір (р.а.) қан ағызуды сейсенбі күндері жасамаған және: «Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сейсенбі – қан күні, ол күні қан тоқтамайтын бір сағат бар деген»-деп айтқан.

Айдың басы немесе соңында жасалған қан алғызуға қарағанда айдың 2-ші жартысында жасалған қан алғызу аса тиімді екенімен дәрігерлер де келіскен.

Аль-Муeаффак аль-Бағдади айтқан: «Дененің қан ағысы айдың басында күшейіп, соңында азаяды, сондықтан қан ағызудың ең жақсы уақыты-айдың ортасы».

Жоғары айтылған хадистер жиынтығы бұл мәселенің маңыздылығын көрсетеді, әсіресе дәрігерлер оны дәделдегеннен кейін.

Егер айының 17, 19, 21-ші күндері бейсенбіге сәйкес келсе, ол қан алғызуға ең жақсы уақыт деп саналады, бірақ сонымен қатар оны басқа уақытта жасау дұрыс емес екенін білдіреді.

Емдеу түрі ретінде қан алғызуды белгілі бір уақытпен шектемей, қажеттілік туған кезде жасаған жөн. Бірақ оны дұрыс жасап жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек. Қан алғызуды тәжірибелі маман жасау керек және ол арнайы құрал қолдану шарт.

Хиджама жасалатын нүктелер

Хиджама – адамның дерттерінің сипаттамасымен нүктелер атласы. Төмендегі келтірілген нүктелер шыны ыдыстарды (банка) қоюмен қатар ауруларды емдеуге қолданылады. Нүктелердің бірі – жүйке талшықтары, екіншілері – қан тамырлар. Басқалары – күштемелік сызықтарда (акупунктура) орналасқан, қалғандары – арқадағы рефлекторлық нүктелер.  Одан басқа лимфатикалық бездерде орналасқан эндокриндік секрецияны ынталандыратын, иммундық жүйені күшейтетін нүктелер бар. Қалғандары бас мидың жұмысын күшейтуге арналған нүктелер.

А тобы

—       Ревматизм (буындардың ауырсынуы) – 1,55 нүктелер және ауырсыну аймағы

—       Тізе буындардың қозғалысының шектелуі -1,55,11,12,13 нүктелер, тізе айналасы, қосымша  нүктелер 53,54

—       Ісіну (тіндерде артық сұйықтықтың жиналуы) – 1,55,130 нүктелер, табанның сол және оң жағы, қосымша  нүктелер 9,10

—       Отырықшы жүйке талшығының ауырсынуы – оң аяққа 1,55,11,12,26,51 нүктелер, сол аяққа 1,55,11,13,27,52 және ауырсыну орны, әсіресе бұлшық ет басы мен соңы

—       Арқадағы ауырсыну – 1,55 нүктелер және шыны ыдыс қою

—       Мойын, иықтағы ауырсыну – 1,55,40,20,21 нүктелер

—       Подагра (зәр қышқылының артық жиналуына байланысты буындардың ісінуі) – 1,55,28,29,30,31,121 нүктелер

—       Ревматоидты артрит – 1,55,120,49,36 нүктелермен ірі және майда буындар

—       Гемиплегия (дененің жарты бөлігінің салдануы) – 1,55,11,12,13,34,35 нүктелер, зақымдалған буындарды күнделікті уқалау

—       Квадриплегия (дененің толық салдануы) – 1,55,11,12,13,34,36 нүктелер

—       Иммунотапшылық – 1,55,120,49 нүктелер

—       Бұлшық еттің құрысуы – зақымдалған бұлшықетке шыны ыдыс қою

—       Әлсіз қанайналым – 1,55,11,10 нүктелерге шыны ыдыс қою, алма сіркесуын және балды 1 қасықтан қабылдау

—       Қолдардың дірілі – 1,55,40,20,21 нүктелер, зақымдалған бұлшық етпен буындар аймағы

—       Аяқтардың дірілі – 1,55,11,12,13,26,27, зақымдалған бұлшық етпен буындар аймағы

—       Іш қуысындағы ауырсыну – 1,55,7,8 нүктелер, 137,138,139,140 нүктелерге құрғақ шыны ыдыс қою

В тобы

Ескерту: Келесі нүктелер маңыздылығының дәрежесіне байланысты орналасқан. Науқастың жағдайына байланысты терапевт барлық нүктелерді қолдануы немесе қолданбауы да мүмкін.

—       Геморрой (тік ішектің қантамырларының ісінуі) – 1,55,121,11,6 нүктелер 137,138,139 нүктелерге құрғақ шыны ыдыс қою

—       Анальды жыланкөз – 1,55,6,11,12,13 нүктелер және шыны ыдыс қою

—       Простатит, эрекцияның  төмендеуі, оның бұзылуы, бедеулік, зәр шығару бұзылыстары – 1,55,6,11,12,13 нүктелер, қосымша  нүктелер125,126,131 аяқтарда, 140,143 нүктелерге құрғақ шыны ыдыс қою

—       Созылмалы жөтел, өкпе аурулары – 1,55,4,5,120,49,115,116,9,10,117,118,135,136 нүктелер, тізе астына шыны ыдыс қою

—       Гипертензия (қан қысымының жоғарылауы) – 1,55,2,3,11,12,13,101,32,6,48,9,10,7,8 нүктелер. 2,3 нүктелер орнына 43,44 нүктелерді қолдануға болады

—       Асқазан аурулары, асқазан жарасы – 1,55,7,8,50,41,42 нүктелер, 137,138,139,140 нүктелерге құрғақ шыны ыдыс қою

—       Бүйрек аурулары – 1,55,9,10,41,42 нүктелер, 137,140 нүктелерге құрғақ шыны ыдыс қою

—       Тітіркенген ішек синдромы (іш қуысындағы ауырсыну, іш кебу, іш өтумен іш қатулардың ауысып отыруы, жиі жүйкелік күйзеліспен байланысты болуы) – 1,55,6,48,7,8,14,15,16,17,18,45,46 нүктелер, 137 нүктеге құрғақ шыны ыдыс қою

—       Созылмалы іш қату – 1,55,11,12,13,28,29,30,31 нүктелер

—       Іш өту – 137,138,139,140 нүктелерге құрғақ шыны ыдыс қою

—       Зәрді ұстай алмау (энурез) – 137,138,139,140,142,143,125,126 нүктелерге құрғақ шыны ыдыс қою

—        Депрессия, ұйқысыздық, психологиялық ауытқулар, жүйкелік күйзеліс – 1,55,6,11,32, тізе асты нүктелер

—       Ангиоспазм (қантамырлардың тарылуы) және артериосклероз (қантамыр қабырғасының қатаюы) – ауырсыну орындарына шыны ыдыс қою, күнара алма сіркесуын және бал қабылдау

—       Гастрит (асқазан шырышты қабатының қабынуы) – 1,55,121 нүктелер

—       Ұйқышылдық – 1,55,36 нүктелер, 1 қасықтан алма сіркесуын және бал қабылдау

—       Тағамдық аллергия – кіндік ұстіне 1 шыны ыдыс қою

—       Аяқ және жамбас жаралары, іріңді жаралар, қышу – 1,55,129,120 нүктелер

С тобы

Ескерту: Келесі нүктелер маңыздылығының  дарежесіне байланысты орналасқан. Науқастың жағдайына байланысты терапевт барлық нүктелерді қолдануы да қолданбауыда мүмкін.

— жүрек ақаулары (1,55,19,119,7,8,46,47,133,134)

— диабет (қант деңгейінің жоғарылауы) 1,55,6,7,8,22,23,24,25,120,49 Ескерту: қан алынатын жер қара тмин майымен немесе балмен 3 күн бойы жағылу керек.

— Бауыр және өт қабының аурулары(1,55,6,48,41,42,46,51,122,123,124,5, аяқтың сыртқы жағы)

— Варикоз (аяқ көк тамырларының кеңеюі) 1,55,6,11,12,13,28,29,30,31,125,126

-Піл ауруы ( лимфа өзегінің бітелеуінен  аяқтың ісінуі) Ескерту: қан ағызудың алдында аяққа тыныштық керек: аяқты көтеріп жылы суға салу керек (1,55,11,12,13,120,49,121, қосымша 125,126,53,54)

— тері аурулары (1,55,49,120,129,6,7,8,11 нүктелері)

— артық салмақ (1,55,9,10,120,49 және артық май жиналған аймақта күнделікті массаж жасау керек )

-Төмен дене салмағы (1,55,121)

-Целлюлит- күнделікті массаж зақымдалған аймаққа

— Бедеулік (1,55,6,11,12,13,120,49,125,126,143,41,42)

-Қалқанша безі аурулары(1,55,41,42)

Д тобы

Бас аурулары (1,55,23) 2-3 нүктелер орныны 43,44 нүктелерін қолдануға болады

— Көзге артық күш түсумен байланысты болса 104,105,36, нүктелер қосылады.

-Мұрын қуысының қабынуына байланысты жүрсе 102,103,114, нүктелер қосылады

-Бас ми ісігіне байланысты болса-қан ағызудыбастың ауырсыну аймағында жасау керек

— Мигрень(көз көру бұзылыстарымен және жүрек айнумен жүретін қатты бас ауруы) -1,55,2,3,106 нүктелер  және ауырсыну аймағы

— Көз аурулары(тор қабаты, көз көру нашарлауы, көз жүйке тамырларының зақымдалуы, глаукома, катаракта, көз қабынуы, жас ағу) – 1,55,36,101,104,105,9,10,34,35 нүктелер, қас үстінен және маңдайдың шашты аймағының шекарасында

-Тамақ, бадамшалар, қызыл иек, тіс, ортаңғы құлақ аурулары (бас айналу, жүрек айну, құлақта шу болуы) – 1,55,20,21,41,42,120,49,114,43,44 нүктелер

— Есту қабілетінің төмендеуі құлақтың жүйке талшығының қабынуы (1,55,20,21,87,38 құлақ артына)

— 5;7 жүйке талшықтарының қабынуы-неврит (1,55,110,111,112,113,114 зақымдалу аймағында)

— Қабылдау жүйесін ынталандыру үшін (1,55,23,32 нүктелер)

— Жадыны жоғалту (есте сақтау қабілетін жоғалту), 39 нүктеден қан ағызуды абайлап жасау керек, өйткені шамадан тыс жасау есте сақтау қабілетін жоғалтуға алып келуі мүмкін

— Мылқаулық (1,55,36,33,107,114)

— Темекі шегуді қоюға көмек ретінде (1,55,106,11,32)

-Тырысулар(1,55,101,36,32,107 екі жақта, 114,12,13)

— Ақыл-ес дамуының тежелуі (1,55,101 – 1 рет,36,32,2,3,120,49,11,12,13)

— Ми жасушалырының зақымдалуы (оттегі тапшылығы) 1,55,101,36,32,34,35,11, буындарда,бұлшық етте, мойында 43,44 нүктелерде қан ағызу жасайды, күнделікті бал жеу керек

Е тобы

— Меноррагия (жатырдан қан кету) 1,55, әр сүт безінің астына 3 құрғақ ыдыс қою, қан кету тоқтағанға дейін

— Аменорея (етеккірдің  болмауы) – 1,55,129,131 сыртқы жағы, 135,136 нүктелер

— Қоңыр түсті жағындылар – тоқтағанға дейін әр сүт безінің астына 3 құрғақ ыдыс қою, 1,55,120,49,11,12,13,143 нүктелер.

Жағындылар иіссіз, түсі өзгермеген, қышынусыз болса – 1,55,9,10,41,42,11,12,13,143 нүктелерінен қан ағызу

— Етеккір бұзылыстары – 1,55 нүктелер, 125,126,137,138,139,140,141,142,143 нүктелерге құрғақ шыны қою

— Аналық безін ынталандыру -1,55 нүктелер, 125,126  нүктелерге құрғақ шыны қою

— Жатырға операциядан (ота) кейінгі ауырсыну, етеккір ауырсынуы, жатыр түтікшесінің зақымдалуы, бітелуі, жүктілікке байланыссыз сүт безінен сүттің шығуы, менопаузаның (етеккір тоқтауының) белгілері, депрессия, жүйкелік күйзеліс, тұрақсыздық – 1,55,6,48,11,12,13,120,49 нүктелер, 125,126 нүктелерге құрғақ шыны қою.

Ақпарат көзі: www.uagyz.kz
Ақпарат көзі: Әль-Хиджама — қан алғызу | Мәліметтер-Ағылшын тілін үйрену-Әлем Чемпионаты 2010-Әдебиет-Рефераттар-Ашық сабақтар-Спорт жаңалықтары