Бұлауға түсу.

Ыстық бұлауға түсу Тәніңді сергітіп, сауықтырады

Пайдасы:

Бұлауға түсу – де-ненің сыртын (терісін) тазартады, ағзаны сергітеді. Дәрігерлердің айтуынша, адам тері-сінің бір шаршы сантиметрінде 40 мың бак- терия сақталып, олар терінің бетіндегі шаң – тозаңмен, кірмен, термен қоректенеді. Сөйтіп, өсіп — өнеді. Бұлауға түсіп шыққан-нан соң тері бетінде жиналған 100 милли- ондай микробтар жо- йылады. Бұлауға түс-кенде тер түтікшеле-рі ашылады, адам тер- лейді, денесі рахаттанады, терісі жұмсарып, нәрленеді. Мұның бәрі ішкі ағза жұмысын жақ- сартады.

Емдеу ванналары
Оны дәрігерлер та-ғайындайды, солардың бақылауымен жүргі-зіледі. Дәрігерлердің ақыл – кеңесімен үйде де құбырдан келетін тұщы сулар арқылы ем- дік бұлауды қабылдау-ға болады. Емдік бұ-лау үшін хош иісті жә- не емдік заттар қо-сылған, немесе азот, тағы да басқа газдар- мен байытылған тұщы сулар, арасан сулар (табиғи және қолдан жасалынған), теңіз су- лары, емдік балшық-тар, құм пайдаланады.

Бұлауға түскен адам-ның басының астына сүлгі әйтпесе ауа тол-тырылған резеңке жас- тықша қояды, оның қан қысымын, жағда-йын бақылап отыру үшін бөлме ішіне жақ-сы жарық жасайды.

Тұщы судың емдік әсерін күшейту үшін оған кейбір дәрілік және хош иісті заттар қосылады. Олардың бір тобы мыналар: қы-ша экстрактісі, жалбыз, қыша (горчица), ски- пидар, марганец қыш-қылды калий, крахмал, т.б.
Бұлаудың су температурасы Суық бұлау – 20 гра-дусқа дейін, қоңыр – салқын бұлау 20 – 33 градусқа дейін. Олар-дың сергітетін әсері бар. Жылы бұлау – 37 – 39 градус. Бұл адам жанын жай таптырады. Ыстық бұлау – 40 – 42 градус. Ол адамды терлетеді.

Бұлауға түсу тәртібі Бұлауға түсерде қа- таң орындалуға тиіс- ті талаптар мен қағи-далар бар. Олардың 8 түрі мынандай:
1. Тамаққа тойып алып бұлауға түсуге болмайды;
2. Бұлауда 10 – 15 минуттан артық отырмайды.
3. Ыстық бұлаудан соң үнемі суық су қа-былдауға болмайды.
4. Өте салқын бұ- лауды қабылдау шыны- қтырғанмен, бүйрекке зиянды.
5. Өте ыстық бұлау жүректің жұмысын әл- сіретеді. Сол себепті сырқаты бар адам дәрі-гермен кеңесіп, мұндай бұлауды қабылдауға болатынын, болмайтынын білуге тиіс.
6. Күнделікті бұлау-дың қызуын 36 градус-тық ыстық температурадан асырмайды.
7. Бұлау суы жұмсақ болуы үшін бура ерітіндісін қосуға болады. Алайда өздігіңізден әсе-рін білмейтін ерітінділерді қоспаңыз.
8. Бұлаудан соң іле жатып дем алады. Күн-діз бұлауға түссеңіз, кем дегенде 15 минут жатып дем алыңыз.

Шипалық бұлау түрлері Қыша бұлауы. Оны жоғары тыныс жолда- рына салқын тигенде (тұтастай және аяққа), қолқа демікпесі ұстаған-да (қолға), артерия қы-сымы жоғарылағанда (аяққа) қолданылады. Қыша бұлауын мынан- дай адамдарға қолда- нуға болмайды: тері ау- руларына шалдыққан-дарға, қыша иісін көте-ре алмайтындарға.

Әзірлеу тәсілі: 200 литр суы бар ванна үшін 100 – 250 грамм, 1 шелек су үшін 5 – 10 грамм құрғақ қышаны өлшеп алады, оны аздаған суға езіп, сүзгіден өткізеді де ваннадағы, шелектегі суға салып, әбден араластырады. Ванна температурасы 360С, түсу ұзақтығы 5 – 7 минут, дененің бір мүшесін ғана малғанда су температурасы – 39 – 400С болуға тиіс. Бұлаудан шыққан соң 30 – 60 минут жылы бүркеніп жатады.

Тұз бұлауы. Оның зат- алмасуды арттыратын, жүйке жүйесін тыныштандыратын, 6 айдан асқан мешел балаларды оңалтатын шипалық қасиеті бар. Әзірлеу тәсілі: Мешел балалар үшін: 10 литр суға 50 -100 грамм теңіз не ас тұзын салып, араластырады, бұлауға түсу мерзімі 3 – 10 минут, су температурасы 36 – 370С болуы қажет.

Жалпы тұз бұлауы үшін суға 250 -500 грамм ас тұзын салып езеді. Те- ңіз тұзы болса өте пайдалы. Судың қызуы 20 – 300С болуға тиіс. Тү- су ұзақтығы — 15 минут.

Марганец қышқыл-ды калий бұлауы. Ол теріні залалсыздандыра- ды әрі құрғатады. Оған күн сайын немесе кү-нара түседі.

Әзірлеу тәсілі: Су- ға марганец қышқылды калийдің қою ерітіндісі-нің бірнеше тамшысын тамызады. Су қызғылт тартуға тиіс. Оған кристалын тастауға болмайды. Себебі теріге ти- се, оны күйдіріп, за-қымдайды. Бұлауға түсу ұзақтығы – 5 – 10 минут.

Крахмал және сода бұлауы. Бірқатар тері ауруларының тітіркену-ін және қышуын басу үшін пайдалы.

Әзірлеу тәсілі: 3 ас қасық крахмалды сал-қын суға езеді, сосын оған ыстық су құяды да шелектегі суға араластырады. Сода ваннасын жасағанда бір шелек суға 1 ас қасық сода салады. Бұлауға түсу ұзақтығы – 8 – 10 минут, су температурасы – 36 – 370С.

Крахмал немесе сода бұлауына түскен адам денесін сүлгімен сүрт-пейді, онымен желпіп кептіреді.

Қылқан жапырақ-ты бұлау. Ол шарша- ғанды басады, сырқат-тың жанын жайландырады, жүйке жүйесін ты- ныштандырады, денені сергітіп, жігерлендіреді.

Әзірлеу тәсілі: Жы-лы суға (35 – 370С) қылқан экстрактісін (сы-ғындысын) қосады. 200 литр суға сұйығынан – 100 мл. ұнтағынан – 50 – 70 грамм. Немесе 1 – 2 таблетка. Мұндай бұлауға 10 -15 минут түседі. Екінші тәсіл: 30 – 35 градус ыстық темпера-турадағы суға қылқан жапырақ сығындысының 2 ас қасығын немесе өсімдіктің бір будасының жартысын салып еріте-ді. Оған 10 минуттан ар-тық түсуге болмайды. Глицеринді бұлау. Адам далада жұмыс іс- теп әйтпесе күнге қыз-дырынып, денесінің те- рісі күнге күйіп құрғақ-танғанында глицеринді бұлауды қолдану өте пайдалы да қажет. Оны құрғақ түлеген беттің те- рісіне де пайдаланады.

Әзірлеу тәсілі: Ваннаның тең жартысына дейін 350С температурадағы суды құяды, үстіне ¼ литр глицеринді қосады. Соған түседі.

Құрғақ түлеген бет үшін: үлкен ыдысқа салқын су құяды, үстіне 1 – 2 ас қасық глицерин қосады да араластыра- ды. Бетті осы суға батырып, шайқайды. Бұлауды қолданып болған соң сүртінбейді. Кебек қосылған бұ-лау. Адамның денесі дуылдап, қышыса, жүйкесі қозса, терісі бөртіп, ақ жарғақтанса оған бидай кебегінің (отруби) бұлауы шипалы.

Әзірлеу тәсілі: Бір келі бидай кебегін матадан тігілген қалтаға салады, үлкен ыдысқа құйылған мұздай суда қайнатады. Су қайнаған-нан соң да кебек онымен 6 минут бірге қайнауы керек. Кебекті алып тас- тап, суын ваннаға құя-ды.

Екінші тәсіл: екі уыс бидай кебегін дәкеден жасалған дорбаға сала- ды, ваннаға құйылатын су ағынына қояды. Ол толғанша кебек сумен араласады. Бұлау суы-ның температурасының қызуы 28 – 300С болуы шарт. Бұлаудан кейін де- не терісі нәрленеді, жұм- сарады, жылтырайды.

Кебек қосылған бұлау-дан кейін де сүлгімен сүртінбей кептіріледі.

Шәлім (шалфей) бұ-лауы. Сезіну, қозғалыс, жүріс – тұрыс қызметіне қатысты шеткері жүй- ке талшықтары жарақат алып ауырса, басқа да әсерден сырқаттанса, қозғалыс – тірек жүйесі зақымға ұшыраса шәлім бұлауын қолданған дұ-рыс. Ол ауырғанды басады, климакс кезіндегі тершеңдікті өте тежейді. Әзірлеу тәсілі: 500 грамм кепкен шәлімнің үстіне сақылдап қайнап тұрған 3 литр суды құя- ды, оны 3 сағат тұнды-рып қояды. Сосын оны ваннадағы суға қосып, шомылады. Түйетікен тұнбасы араластырылған бұ- лау. Оны диета ұста-ғандарға қолдануға ке-ңес беріледі. Бұлаудың бүл түрінен адам дене-сінің терісі ширайды, шомырлана түседі.

Әзірлеу тәсілі: 250 грамм түйетіккенді алып, қайнаған суға салып бұқтырады. Сосын судан алып, ваннадағы температурасы 300С су- ға араластырады. Тұнба қосылған ванна суы денеге шипалық әсер етеді.

Емен қабығы қосыл- ған бұлау. Бұл бұлауды мынандай сырқаттарға қолданады: микробты жоюға (терідегі), қабы-нуға, тері аурулары мен көк тамырдың варикоз- дық кеңеюіне, тершең-дікке қарсы. Әзірлеу тәсілі: Емен қабығының 600 грамын ұнтақтайды, суға салып жарты сағат қайнатады, сүзіп алып, оны ваннаға құяды.

Жалбыз (мята) бұ- лауы. Жалбыздың ем- дік қасиеттері өте көп, иісі де әдемі. Жалбыз қосылған бұлауды көбі- несе омыртқа буыны- ның қабынуына, аллер- гияға қарсы қолданып, сол дерттерді сауықты-рады. Әзірлеу тәсілі: Ыдыс- тағы 300 грамм кепкен жалбыздың үстіне 5 литр ыстық су құйып 2 – 4 сағат қозғамай қояды. Сонан кейін ваннаға құ-йып, пайдаланады. Қалақай (крапива) бұлауы. Ол омыртқа-ның буындарының қа- бынуына және аллер-гияға қарсы дәру.

Әзірлеу тәсілі: Тіні- ке мескеге қайнап тұр-ған ыстық су құйып, ішіне 500 грамм құр-ғақ қалақай жапырағын салады, 15 – 20 минут оның қақпағын жауып қояды. Сонан соң суын сол күйінде ваннаға құяды. Түйедақ (ромашка) бұлауы. Ол денені жай- ландырады, көңілді мамыражай қалпына келтіреді, теріні жұмсартады, денедегі жарақат іріңді кетіреді. Әзірлеу тәсілі: 500 грамм ұсақталған түй-медақты мескеге сеуіп, үстіне суық су құйып, қашан қайнағанша от-қа қояды. Сосын біраз уақыт тұндырады, оны ваннадағы суға қосып, шомылады. Емдік шөптер бұ-лауы. Түймедақ, шә-лім, лаванда, розмарин, құлмақ, жөке гүлі, жалбыз, әшкөк және тағы да басқа емдік шөптер-ді алып 30 минут ыстық суға бұқтырып, сүзіп алып, оның 250 грамм тұнбасын бұлауға құя-ды. Судың қызуы – 350С болуға тиіс.

Көбікті бұлау. Дү- кендерде бұлауға ар-налған көбікті ерітінді- лер бар. Олардың сыр- тында қалай қолданы-латыны және тәнге тигізетін әсері жазылған. Сол көбікті ерітінділерді де пайдалануға болады. Құбылмалы бұлау. Ол салқын жиі тиетін адамдардың денесін шы- нықтыруға арналған.

Әзірлеу тәсілі: Бір шелекке не легенге тем- пературасы 40 – 420С ыстық су, екіншісіне тем- пературасы 10 – 120С салқын су құяды, 10 минуттай аяқты біресе ыстық (1 – 2 секунд), біресе салқын (15 – 20 секунд) суға кезекпе – кезек салады. Ең со-ңында аяқты салқын судан шығарады.

Отырып бұлау қа-былдау. Қуық қабы-нып ауырғанда, жыныс мүшелері сырқатқа ұшы- рағанында, көтеу (геморрой) және басқа да ауруларда отыратын ванна қабылдайды. Әзірлеу тәсілі: Шұң-ғыл легенге жылы су құяды, оны орындыққа қояды, сырқат адам со- ған жалаңаш отырады, аяғын жылы су құйыл- ған басқа легенге салады. Мұндай бұлауды 20 – 30 минут, салқындау болса 5 – 10 минут қа-былдаса да жеткілікті. Біз айтқан осынау бұлау тәсілдері тәндеріңізді сергітіп, сырқаттары-ңыздан сауықтырсын, ағайын!