Шипаңмен,,,,

Шипаңменен шуақ шаш

Қазақтың халық емінің шипасы мол. Қазақстанның ұлттық энциклопедиясының 3 томында: «Емші, халық емшісі — өзінің табиғи қабілеті мен тәжірибесіне сүйеніп, әртүрлі ауруларды емдеумен айналысатын адам. Қазақ халқы арасында ерте кезде шипагерлік қызмет атқарған адамдарды емші деп атады. Бұл жұмысты, әдетте, бақсы, балгер, тәуіптер жүзеге асырды. 15 ғасырда өмір сүріп, «Шипагерлік баян» атты еңбек жазған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Емшіні шипагер деп атаған жөн, шипа жазады, қонады, дариды, айықтырады деген сенімділіктен туады. Жазылсын, қонсын, дару болсын деген ақ тілек. Бұл науқас пендеге қуат беру», — деп, өз тұжырымын ұсынған. Ол сонымен қатар шипагерлікті дарымдылық және болжамшы деп екіге бөліп, оның 24 түрін атайды. Емшілер науқас адамның ауруының себебін анықтау жолын, емдік дәріні, оны қолдану мезгілін, бақылау уақытын жақсы білген».

Олай болса, халық емінің тиімді тәсілдерін ғылыми тұрғыда неге дамытпасқа, ел ішінде сый – құрметке ие халық емшіле-ріне неліктен жағдай жасамас-қа, олардың емін неге зерттемеске? Астана қаласындағы үшінші мөлтек аудандағы Дәс-түрлі және халық медицинасы орталығында жұмыс істейтін халық емшісі Шегендік Боранбаев жөнінде баспасөз беттерінде емінен жазылғандар өз әсерін айтып, оған алғыстарын білді-ріп жатады. С.Рысдәулеттің жазуынша, алпыстың асқарынан асып отырған бұл халық емші-сінің шипагерлікке келуінің өзі мынандай таңданарлықтай: «Емші. Жиі естиміз. Көріп те жүрміз. Бірақ, олар туралы пікірлер бір арнаға тоғыспайды. Рухы биік, материалистік көзқарастың иіне қаныққан топтың өкілдері емші деген сөзге жәй әншейін немқұрайлықпен қарайды. Ал-ланың ақ жолына түскендер олардың бойындағы ерекше қуатты қасиет деп бағалайды. Аурудан әбден сарытап болған бейбақтар емшіге құлдық ұрып, табынудан да кет әрі емес. Жан мен тән азабынан құтылуға себепші болған осынау жандар-ға секем, күдікпен қарайтын- дар да жетерлік. Ең соңы-мыс- қылмен мұқатып, соны қойшы, білеміз оны, дейтіндер де шаш етектен. Емші деген кім сонда? Құт-қарушы ма? Адами болмыстан ауытқушылық па? Жоқ, әлде айрықша қасиет пе? Біздің әң- гімеміздің арқауы болып отыр-ған халық емшісі Шегендік Боранбаев сырқат адамның хал-ахуалын басынан кешіреді. Тепсе темір үзердей 23 жастағы қылшылдаған жігіттің айықпастай дертке ұшырып, көрер таңды көзімен атқы- зуы, әрине, туған-туыстарының жанына қайыстай батты. Қа-шанда қолдан дәрмен кеткенде шарасыздықтың салтанат құратын әдеті ғой. Жаратқан иеге жалбарынып, жолбарыстай жанталасқан Шегендіктің тілеуін тілеумен болды. Ұрын келген «жымысқы жаумен» Шегендік 15 жыл алысты. Қолданбаған дәрісі, көрінбеген дәрігері қалмады. Талай адамды ажал аузынан аман алып қалған ақ халатты абзал жандар қолдан келген көмектерін көрсетіп бақты. Бірақ батпандап кірген ауру мысқылдап та шықпай қойды. «Өлең деген туады арпалыста», – дейді мұз-балақ ақын Мұқағали. Иә, нағыз арпалыстың қан майданында кебін кигендер келмеске кетіп, кебенек киген қайтып оралады. Жанталас – өмір мен өлімнің арасы. Ауызбен айтуға оңай-ақ. Ал шын мәнісінде дейді «азап» көпірінен өткендер. Бұл дәм-тұз дегенді қойыңыз. Шөп арасынан ине іздеген Шәкенді КСРО-ның халық дәрігері Александр Романович Довженконың қабыл- дау бөлмесінен бір-ақ шығарды. Атақты шипагердің «сіз адамдарды емдегенде ғана жеңілдікті сезінесіз» деген бірауыз сөзі төбесінен жай түскендей әсер етті. Партия комитетінің жетекшісі қалай бақсы болады? Жұрт не дейді? «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің» дегендей, бұрынғы бұрынғы ма, енді сана күресі басталды. Не істеу ке-рек? Көппен көретін іс болса бір сәрі. Мықтылығыңды сынға салғың келсе өзіңмен өзің алысып көр. Әлеуметтік ортада белгілі бір жүйемен қалыптас-қан өміріңді 360 градусқа бұрып, тасқын судың ағысына қарама-қарсы жүзіп көр. Шындық пен өтіріктің ара қашықтығы үш-ақ қарыс болса қарапайымдылық пен ғала-маттардың арасы бір-ақ қа-дам. Тек алғашқы қадам жасау қиынның қиыны.

Азапты жылдар Шәкеңнің екінші өміріне себепші олды. Жасыл жапырақтарын мәуеле- тіп туған көктем айындай ол қай-та түледі. Сырттан келген тылсым күштің қуатын адамзат игілі- гіне жұмсады. Нұрлы дүниенің тынысымен тыныстап, талай жанның жүрегіне жарық сәуле гүлін екті. Сөйтіп, үміт қоламта-сын үрледі, өмір отын маздатты. Шылауланған жанарларға нұр сыйлады. Өзі адами атақтың ең құрметтісі – Алғысқа бөленді.

Бұл күндері Шегендік Боран-баевтың алдынан мыңдаған адам өтіпті. Айта кететін бір жәйт, Шегендік ағаның Алла берген қасиетінен басқа өзіне ғана тән емдеу тәсілі мен жылдар бойы қалыптасқан айықтыру мәдениеті бар. Біріншіден, ол терең білетін психолог. Адамның жандүниесін түсінбей тұрып, оның тәніндегі дертті емдеу мүмкін емес деп есептейді. Екіншіден, көз майын тауысып том-том медициналық кітаптарды шаңынан арылтқан медицина білгірі Эдиссон айт- қан екен: «Талант дегеніміз 1 пайыз қана қабілет, ал қалған 99 пайы-зы еңбек», – деп. Сол сияқты Шәкең ерен талантын ғы- лыми жолға ұштастырып оты-рады. Үшіншіден, бұл кісі жан-тәнімен қатар сана-сезіміне революция жасап, қайта түлеген адам. Ең бастысы да – осы. Тұғыры – адалдық пен тазалық. Енді мәселенің құжаттық жағ-дайына келетін болсақ, Москва қаласында № 17 және № 70 қалалық наркологиялық және клиникалық ауруханаларында сынақтан өтіп «Халық емшісі» куәлігін алған. Оның қабілеті мен еңбегін жоғары бағалаған ұстаздарының Москвада қал деген ұсынысына «Әркім өз то-пырағына қызмет етуге борышты» деп жауап беруі де көп сырды аңғартады.

Шегендік Боранбаев емделушілермен жеке жұмыс істейді. Бұл жолдың тиімділігі іс жүзінде дәлелденіп отыр. Көзбояушылық пен көзжұмбалыққа жаны қар-сы. Өзіне өзі қатаң талап қойған. Сондықтан да ауру сергелдеңі- не түскен тағдырларды «тәлкек» етпеу үшін емдеу шеңберіне шекаралық бағана орнатқан. Мысалы, есірткіқұмарлар, қатерлі ісік, туберкулез, сондай-ақ, жұқ- палы және тері ауруларымен ауырғандарды қабылдамайды.

Емдейтіні: мойын – кеуде ос- теохондрозы, беломыртқа, омыр-тқа радикулиті, барлық түрдегі невроздар, ұйқысыздық, бас са- қинасы, ұзаққа созылған холицистит, түнгі энурез, панкреатит, комит, простатит, артроз, артрит, бронхиттер, трахиаттер, ларингиттер. Алкоголь мен темекіге деген құмарлықты тежеу тәсілдерін меңгерген. Соғысты көрген соғыс тілемейді. Ендеше, біздің Шәкең де өзгелердің бір кездегі өзінің күйіне түспеуі үшін күресіп жүр. Боранбаев туралы білгісі келген адам қаламыз- дың 3 шағын ауданында орын тепкен Дәстүрлік және халық медицинасы орталығынан таба алады. Енді адам жанының ара- шашысы асыл азаматқа, құдайдан қуат тілейік».

Біз енді халық емшісінің әңгі-месіне назар аударсақ: «Жарты жыл Ресей астанасында халықты емдеп жүрген кезімде Владимир Покрышкин мені шақырып алып, Юлия Белянчиковаға ем жасауымды өтінді. Сөйтсек, ол ұй- қысыздықтан қажып жүрген екен. Бірнеше күн бойы ем жасап, көмек көрсеткенімнен кейін ол сырқатынан айығып кетті. Қазір менің естелік альбомымда Юлия Белянчикова- ның айтқан алғысы мен ескерткіш қолтаңбасы бар.

Ата-баба аруағына сыйыну – көк бөрі байрақты Көк түркі-лерден, олардан мың жылдай бұрын ғұмыр кешкен ғұндар-дан, тіпті одан арғы замандардан келе жатқан салт. Аруақты адамдар бұрын да болған, қа- зір де бар. Тек халық көзі тірі адамды «аруағы бар» деп атамайды, оларды «арқасы бар» дейді. Адамның үш жұрты бар ғой. Менің нағашы атам – Хамза Жағыпарұлы үлкен молда бол-ған кісі. Сол атайдың зайыбы Сәли Өткелбайқызын замандас- тары «Пірадар» деп атайды екен. Өйткені, Сәли әжей үнемі үстіне ақ кимешек, ақ көйлек киіп, қолына тәспіден басқа зат ұстамай, кіршіксіз таза қалпында өмірден өтіпті. Бір ғажабы, нағашы атам да, әжем де жыл бойы ораза ұстаған, өте тақуа адамдар болыпты. Сәли әжей аздап емшілікпен де шұғылданатын. Ай жаңарып атқан кезде қолына сүйел шыққан немерелерін қасына алып, ақ жіпті түйіп отырған қалпы дұға оқитын. Содан бір жұманың ішінде қолымыздағы сүйелдер жоқ болып кететін.

Емшілік құдай берген қасиет, өзім құдайдың құлы болғандықтан алғашқы жұмыс күнімді Құран сөзімен бастаймын. Ең бірінші келген адам мұсылман болса, аят, дұға оқимын. Бейсенбі, жұма күндері де осындай тәртіп».

Қалаулы халық емшіле- рі туралы осылай деп жазады, өздері осындай әңгіме айтады, оларға емін алған-дар ақ алғасын білдіріп жатады. Олай болса, қазақтың халық емі қалайша қасиетсіз болады…